×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Киев ауруханасына жасалған шабуыл: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізді

10.07.2024, 10:45
Фото: Reuters

9 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Украина жеріне жасалған жойқын зымыран соққысына арналған шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отырыс барысында БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы және төтенше көмек үйлестірушісі Джойс Мсуя шабуылдардың салдары туралы ақпарат ұсынды.

Джойс Мсуя келтірген деректер бойынша, зымыран соққыларының бірі аурухана ғимаратына тиіп, 27 азаматтың, оның ішінде төрт баланың өліміне әкелді. Тағы 117 адам, оның ішінде жеті бала жараланды.

Мсуя сондай-ақ балалар ауруханасының қалған бөлігінде электр энергиясы жоқ екенін атап өтті. Бұл өкпені жасанды желдету аппараттарын пайдалануға және басқа да шұғыл көмек түрлерін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Аурухана жағдайы әлі де қиын жағдайда қалып отыр және электр қуатын қалпына келтіру мен зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қажет.

Естеріңізге сала кетсек, бір күн бұрын Ресей әскерлері Киев пен Украинаның басқа қалаларына жаппай зымыран соққысын жасаған еді. Шабуыл кезінде Киевтегі "Охматдет" балалар ауруханасының ғимаратына зақым келді. Оған Ресейдің X-101 зымыраны түскен. Ауруханада екі адам қаза тауып, 32 адам жараланды.

Жалпы Киевке жасалған шабуыл нәтижесінде 32 адам, оның ішінде төрт бала қаза тапты. 120 адам, оның ішінде 10 бала жараланды.

Серіктес жаңалықтары