×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Қостанай облысында 16 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

10.07.2024, 16:15
Қостанай облысында 16 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 жастағы Дарья Тайронина Әулиекөл кентіндегі үйінен 26 маусымда шығып, жоғалып кеткен. 28 маусымда қыздың денесі Әулиекөл маңындағы орман екпесінен табылды.  

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған хабарламада.

Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу шаралары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Полиция қызды буындырып өлтіргенін айтады. 

«Жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасау туралы сұраққа тек сараптаманың қорытындысы бойынша жауап беруге болады, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деді полиция өкілдері.