×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Қайрат Қылышев пен Данат Намазбаевты мерзімінен бұрын босату өтініші қабылданбады

11.07.2024, 14:07
Фото: Азаттық радиосы

Қайрат Қылышевтың мерзімін өтеу уақыты бес айдан соң аяқталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды?

Қонаев қаласының соты белсенділер Қайрат Қылышев пен Данат Намазбаевтың жазасының өтелмеген бөлігін ауыстыру туралы өтінішін қабылдамады. Бұл туралы адвокат Жанар Балғабаева хабарлады, деп жазады Азаттық радиосы

Оның сөзінше, Данат Намазбаев сотқа өтініш бергенде, кенеттен “айыппұлдар” шыға бастаған. Адвокат бұл кездейсоқ емес дейді.

Қылышевтың мерзімін өтеу уақыты бес айдан соң аяқталады. 

Олар туралы не белгілі?

Қылышев 2021 жылы тыйым салынған бірлестікті “ұйымдастырды” және “қатысты” деген айыппен бес жылға сотталған. 

2022 жылы ол Алматы облысындағы колониядан мерзімінен бұрын босап шыққан. Былтыр маусым айында оны “пробация режимін бұзғаны үшін” қайта қамаған. 

Намазбаевтың мерзімінен бұрын босау өтініші бірінші рет қайтарылып отырған жоқ. Қаңтарда сот оның өтінішін қанағаттандырмаған еді. 

2022 жылғы 14  наурызда Алматының Алмалы аудандық соты Данат Намазбаевты, белсенді Марғұлан Боранбайды әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін бес жылға бас бостандығынан айырған еді.

Депутаттардың Намазбаевты қолдауы  

2023 жылғы сәуірде Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бәпи мен Абзал Құспан Намазбаев пен Боранбаевтың қылмыстық ісін қайта қарастыру керек екенін мәлімдеді. Олар айыпталушылар ұлттық мүддені сепаратистерден қорғағысы келгенін атап өткен. 

Серіктес жаңалықтары