×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

9 мыңға жуық үй қалпына келмейді – министрлік су тасқыны жайлы

11.07.2024, 15:41
Коллаж: Ulysmedia

Қазақстанда су тасқыны салдарынан 19 342 тұрғын үй зардап шеккен. Оның ішінде 7 386 – жалғыз тұрғын үй деп танылған саяжайлар. 9 243 тұрғын үйді жөндеуден өткізуге болады, ал 8 578 баспананы қалпына келтіру мүмкін емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Власть” басылымының жазуынша, қалпына келтірілмейтін үйде тұратындарға екінші деңгейлі нарықтан 6 мың үй мен пәтер сатып алып,  2 578 тұрғын үйді типтік жоба жойынша салып беру жоспарланып отыр. 

“Бүгінгі таңда 3 771 тұрғын үй объектісі алынды, 2 500 үйдің құрылысы басталды. 156 үйдің құрылысы аяқталды”, – деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. 

Сондай-ақ үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысы Арқалық қаласында 31 пәтер сатып алу үшін 405 млн теңге бөлінген. Ал қалған өңірлерде үйлерді сатып алу және салу демеушілер қаржысынан жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде бизнес пен қорлар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 250 млрд теңге аударған. 

Серіктес жаңалықтары