Шілдеде Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдардың әрекеттерінің жолын кесу бойынша іс-шара өткізді. Террористік әрекеттер ұйымдастырған деген күдікпен 5 адам ұсталды, біреуі шетелдік, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды», - деп жазды ҰҚК.
Олардың тұрғылықты жерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, сол үшін Қазақстанда сотталған.
Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде.
Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.