×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Сусыз қалған Ақтау тұрғындары петиция жариялады

12.07.2024, 13:50
Сусыз қалған Ақтау тұрғындары петиция жариялады
Коллаж: Ulysmedia

Ақтау тұрғындары су тапшылығы мәселесін дереу шешуді талап етіп, петиция жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды?

Ақтау тұрғындары петиция жариялап, қала әкімдігінен сумен қамту мәселесін дереу шешуді талап етті. 

Деталь

Петиция авторлары Ақтауда жыл сайын жазда ауыз су проблемасы болатынын жазған. Сумен қамту тұрақсыз болып, қала аудандарының көп шағын ауданы су тапшылығына немесе мүлдем судың тоқтап қалу проблемасына тап болады. 

Тұрғындар қала ауыз су жетіспеушілігіне, судың жиі болмайтынына тап болуды жалғастырып келе жатқандықтан, Каспий су тұщылау зауытын кеңейтуді аяқтау керек екенін айтады. 

“Құбыр желілерінің жиі жарылуы салдарынан су беру тоқтатылады. Бұл қала тұрғындарына қосымша қолайсыздық туғызып, сумен жабдықтау мәселесін одан әрі күрделендіреді. Әлеуметтік және экономикалық салдарлары: сумен қамтудағы кедергілер бөтелкедегі суды сатып алуға мәжбүр болған отбасылар үшін қосымша қаржылық шығындар туғызады және күнделікті өмірді қиындатады. Коммуналдық желілерге түсетін жүктеме: коммуналдық желілерді тиісті түрде жаңғыртпай жаңа шағын аудандар салу ауыз судың тапшылығын одан әрі күшейтіп, бұрыннан тозған инфрақұрылымға қосымша жүктеме түсіреді", - делінген петицияда.

Талап

Тұрғындар жаңа шағын аудандар құрылысына тыйым салуды, Каспий зауытын кеңейтуді аяқтауды, су құбырларын модернизациялауды және айырбастауды, сондай-ақ су сапасына мониториг жүргізуді талап етеді. Одан бөлек, авторлар инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік және жеке инвестициялар тарту қажет дейді. 

Ақтаудағы су проблемасы

Қазі өңірде 40 мың текше метр ауыз су жетіспейді. Ақтауға тәулігіне 20-25 мың текше мектр ауыз су қажет. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтау тұрғындарының пәтерінде су жоқ екеніне назар аудару үшін қала көшелерін бөгегенін хабарлаған едік. Оларға әкімдік өкілдері келіп, келіссөздер жүргізді. Жергілікті билік жаздың аяғына дейін аймақты ауыз сумен қамту көрсеткіші тәулігіне 206,3 мың текше метрге жетеді деп мәлімдеді.