Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуды мақсат етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
24.KZ арнасының мәліметіне сәйкес, Президент Режеп Тайип Ердоған НАТО саммитінен кейін осындай мәлімдеме жасаған.
Түрік басшысының айтуынша, ресми Анкара мәселеге қатысты ұйымның тұрақты мүшелерін қолдау білдіруге шақырған.
- Біздің мақсатымыз Шанхай ынтымақтастық ұйымынның тұрақты мүшесі болу. Қазір бұл құрылымға бақылаушы ел мәртебесіне иеміз. Енді Түркия оның толыққанды мүшесіне айналуы керек. Мен мұны Қазақстан Президентімен кездескенде талқылап, осы бойынша барлық тұрақты мүшелердің қолдау білдіруін сұрадым. Мәселені Ресей және Қытай басшыларымен де талқылаған болатынмын – дейді Түркия президенті.
Айта кетейік, Түркия «ШЫҰ-ның диалогтық серіктес елі» мәртбесіне ие 14 мемлекеттің бірі.
Естеріңізде болса, өткен аптада Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкараның БРИКС-ке де қосылуды қалайтынын айтқан еді. Ол бұл бірлестік ЕуроОдаққа «жақсы балама» бола алатынын атап өткен еді.