×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

7 айда жемқорлыққа қатысты 876 қылмыс тіркелген

12.07.2024, 17:20
7 айда жемқорлыққа қатысты 876 қылмыс тіркелген
Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жартыжылдық алқа отырысында айтылғандай, биыл агенттік 876 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның едәуір бөлігі парақорлыққа, жымқыруға және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға қатысты.

Әкімдіктердің, квазимемлекеттік сектордың және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жемқорлыққа барынша бейім. Жемқорлық тәуекелдері жоғары салаларға білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жатады.

Ведомство басшысы А. Жұмағали атап өткендей, агенттік жоғары лауазымды тұлғалардың қатысы бар қылмыстық схемаларды әшкерелеуге байланысты сандық емес, сапалық көрсеткіштерге бағдарланған.

Анықталған қылмыстарды жасауда 592 адам әшкереленді, оның ішінде 107 басшы. Олардың ішінде бұрынғы министрлер, вице-министрлер, комитет төрағалары, облыстық басшылар бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әділет экс-министріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Ол жеке компанияның басшылығымен бірге бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды, алаяқтық жасады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ, Агенттік бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі мен мердігер ұйымның басшылығына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Аталған істердің әрқайсысы бойынша залал 1 млрд теңгеден асады.