×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодар облысы Ақсу ауылының маңындағы понтонды көпір суға батып кетті

13.07.2024, 12:16
Павлодар облысы Ақсу ауылының маңындағы понтонды көпір суға батып кетті
Видео кадры

Облыстағы Ақсу қаласының Көктас ауылы тұсындағы Белая өзені арқылы өтетін понтонды көпір құлап, жергілікті тұрғындар жолға шыға алмай қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ал жергілікті билік өзеннен адамдар мен техникалардың өтуі үшін уақытша паром қатынасын ұйымдастыруға кірісіп кетті.

Бұл туралы Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов Қанаш Қамзин ауылдық округінің Көктас ауылына жұмыс сапарымен барған кезде хабарлады.

“Белая өзені арқылы өтетін понтон көпірін тексердім. Қазіргі кезде понтон көпірі батып кетті. Бірінші кезекте шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын тарту арқылы оны шығарып алу және жөндеу жоспарланып отыр. Техника мен адамдардың қарама-қарсы жағалауға паромдық өткелдерін ұйымдастыру сынды баламалы жолдар да қарастырылады” деді аудан әкімі әлеуметтік желідегі жазбасында.

Сонымен қатар ол жаңа понтон көпірін салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінгенін де жеткізді.