×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қырғызстанда жаңбырдан кейін сел жүріп, бірнеше ауылды су басты

14.07.2024, 18:56
Қырғызстанда жаңбырдан кейін сел жүріп, бірнеше ауылды су басты
Қырғызстан ТЖМ

14 шілде күні Қырғызстанның Ош облысында толассыз жауған жаңбырдың арты селге айналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалай болған

Ақ-Буура өзені арнасынан асып, қала базары мен бірнеше ауылды су басты.

Ауылдар мен мәдениет үйлері су астында қалды

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Толейкон ауылы мен Озгур маңындағы «Борубай-Ата» демалыс базасы зардап шеккен. Құтқару қызметі 420 адамды басқа жерге көшірді.

Жол жабылып, үйлерді су басты

Ноокат ауданындағы су тасқыны салдарынан Ош-Баткен-Раззаков жолының бір бөлігі жабылды. Асан-Чек және Манас ауылдарында тұрғын үйлер су астында қалды.

Ош қаласындағы салдары

Батпақ араласқан лай су Ош қаласын, оның ішінде Паски базары деп аталатын Төменгі базарды да басып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ағын жергілікті тұрғындардың бірін алып кеткен. Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, 28 маусымда Қырғызстанда жауған жаңбыр салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел жүрген еді. Соңғы мәліметтер бойынша, тоғыз адам қаза тапты, оның төртеуі қазақстандық балалар. Қайғылы оқиға болған күні шығысқазақстандық екі ұл мен екі қыз аналарына бірге туыстарына барған.