×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Маңғыстауда 3,1 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

15.07.2024, 15:54
Маңғыстауда 3,1 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Фото: Pixabay

Маңғыстауда жеке меншікке заңсыз берілген 3,5 гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды?

АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, сауықтыру кешенін салуға арналған ауданы 3 мың 457 гектар жер учаскесі жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтады.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының «Коса Ада» аумағында орналасқан осы учаскенің кадастрлық құны – 3,1 млрд теңге.

Деталь

Аталған жерге келісім комиссияның қарауынсыз және жерге орналастыру жобасы жасалмастан рәсімделген.

“Жер ресурстарын басқару комитеті аумақтық бөлімшесінің өкілдері Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жерге құқықты куәландыратын құжаттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді. Сот шешімімен талап толығымен қанағаттандырылды”, – делінген министрлік хабарламасында.

Сот жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.