Балалар омбудсмені Динара Закиева балалардың қиналғанын ештеңемен түсіндіруге де, ақтауға да болмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды?
Балалар омбудсмені Динара Закиева Марат Әйтеновтің отбасымен болған оқиға туралы пікір білдірді.
Цитата
“Болған оқиғадағы ең сұмдығы – балалардың басынан өткен психологиялық жарақат. Осы күндері әріптестеріммен, аудандық өкілдермен және қала әкімдігімен балаларға психологиялық көмек, анасына заңгер көмегін ұйымдастырып жатырмыз”, – деп жазды Закиева.
Ол маусымның ортасында Данаға әлеуметтік желідегі видеоны көріп, ақпаратты жариялауды сұрағанын айтты.
Нәтижесінде, балаларға қатысты бөлігіне назар аударып, құзыретті органға өтініш жолдадым. Сонымен қатар сот дауларының мәні көбіне мүліктік сипатта болды, және белгілі болғандай, сот шешіміне ешкім әсер ете алмайды, ал шағымдану үшін белгілі бір тәртіп бар.
Ажырасу процесі отбасыларда әртүрлі жағдайлармен қатар жүреді, бірақ балалардың мұндай азаптарын ештеңемен түсіндіруге де, ақтауға да болмайды, ал зорлық-зомбылыққа тіптен жол берілмеуі керек", - деп атап өтті Закиева.
Оқиға
Естеріңізге сала кетсек, желіде Шымкенттің экс-әкімінің ағасы әйелін үш баласымен бірге үйінен шығарып жатқан видеосы тараған еді. Кейіннен Марат Әйтеновтің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны, ал бүгін Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкенттің бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасына қатысты іс қаралып, оның бес тәулікке қамалғаны белгілі болды.