×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда онкологияға қарсы дәріні сынауға 3 мың адам қатысады

16.07.2024, 16:38
Қазақстанда онкологияға қарсы дәріні сынауға 3 мың адам қатысады
Shutterstock

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі-дәрмек туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясат нұрбектің сөзінше, ракқа қарсы дәрінің клиникалық сынағының бірінші кезеңі сәтті аяқталған. Алматыдағы радиология институтындағы емге  онкологиямен ауыратын 15 науқас қатысқан.

“Нәтиже үміт ұялатады. Қазір премьер-министр мәселені жеке бақылауына алды”, – деді министр.

Сынақ тобы

Нұрбек Денсаулық сақтау министрлігімен бірге арнайы топ құрылғанын айтты. 1 шілдеден бастап тестілеудің екінші кезеңі басталды. Клиникалық сынаққа 3 мыңға жуық адам қатысады. 

“Барлығы 5 мыңнан астам онкологиялық науқас сынаққа қатысуға ниет білдіріп, тіркелді. Басымдық бойынша заңға сәйкес іріктеп алдық. Олар ерікті ретінде екінші сынаққа қатысады”, – деді министр.

Сынақтың екінші кезеңі

Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның шешімімен зерттеу тобына екінші кезеңді жүргізуге шамамен 2 млрд теңге бөлінген. Министр қаражат тамызда түсетінін айтты. Екінші кезең жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

“Барлық деректі қолданамыз. Дәріні келесі жылы теркейміз бе деген үлкен үмітіміз бар”, – деді ол.

Бірінші кезең қалай өтті?

Саясат Нұрбек сынақтың бірінші кезеңі сәтті өткенін айтты. 

“Онкологияның ең агрессивті түрінің бірі – тоқ ішек қатерлі ісігінің IV сатысы анықталған науқастар ерікті ретінде қатысқан клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша препарат тиімділігін көрсетті. Ісіктің қалыптасуы орта есеппен 30%-ға азайды. Екінші кезең түрлі қатерлі ісігі бар адамдарға дәрі-дәрмекті тексеріп көруді қамтиды”, – деді министр.

Сынақ Астана, Алматы және Павлодарда өткізіледі.