×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Париж-2024. Олимпиаданы отандық қай арналардан көруге болады?

16.07.2024, 19:04
rsport.ria.ru

Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада ойындарын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне қарағанда, 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді.

Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады. Олимпиада ойындарын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар – делінген хабарламада.

Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиада ойындарының сайыстар кестесі қосымша жарияланады.

Серіктес жаңалықтары