×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Нұртас Адамбай Ulysmedia редакциясынан кешірім сұрады

18.07.2024, 10:21
Нұртас Адамбай Ulysmedia редакциясынан кешірім сұрады
Коллаж: Ulysmedia

Шоумен Нұртас Адамбай бірнеше баспасөз құралынан, оның ішінде Ulysmedia редакциясынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.

“Кейбір журналистерден, редакторлардан, Esquire Kazakhstan, Forbes, Orda, Ulysmedia және бірден есіме түспеген, мұнда аты аталмаған басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан кезінде сіздерді сынға алғаным үшін, сіздер туралы жаман ойлағаным үшін, өзімнің ақымақтығымнан ашуға берілгенім үшін кешірім сұраймын. Сіздерге еліміздегі сөз бостандығын дамыту үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін”, – деп жазды Адамбай. 

Айта кетсек, кеше шоумен Нұртас Адамбайдың бірқатар адамнан кешірім сұрағанын хабарлаған едік. Олардың арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко және тағы бірнеше адам бар.