Астананың қылмыстық істер жөніндегі аудандық соты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған олигарх Нұрлан Тілеубаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ?
Іс материалдарына сәйкес, 2015 жылы Нұрлан Тілеубаев Delta Bank иесі және құрамына 140 заңды тұлға кіретін "Әлиби" компаниялар тобының басшысы бола отырып, қайтарымсыз несиелер беру арқылы 4 млрд теңгеден астам қаражатты шығарып алған.
Ақша "Агробизнес-2020" бағдарламасы бойынша акционерлік қоғамнан қайтарымдылық және мақсатты пайдалану шартымен түскен.
Кепілдік мүлік ретінде 76 мың тонна жалған астық қолхаттары, болашақта ЖШС-ға 4,8 млрд теңге сомасында түсетін ақша, сондай-ақ жалпы саны 16 541 га жер телімдері болған.
2016 жылы несие бойынша төлемдер тоқтатылып, жер учаскелері бойынша барлық құқықтар толық көлемде АҚ-ға берілді.
ҮКІМ
Қорғаушы тарап олигархты "қылмыс құрамының болмауына байланысты" ақтауды сұраған.
Алайда, сот нәтижесінде Тілеубаевты 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, коммерциялық және қаржы ұйымдарында материалдық жауапты және басшылық лауазымдарды атқару құқығынан тоғыз жыл мерзімге айыруға үкім шығарды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша осы үкім бойынша тағайындалған аз қатаң жазаны 2023 жылғы 26 маусымдағы қатаң жазаға қосу арқылы олигархқа түпкілікті 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Тілеубаев қаржы және коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапты және басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды және қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға, сондай-ақ қаржы ұйымының ірі акционері болуға өмір бойы тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ТІЛЕУБАЕВ НЕ ҮШІН ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ?
2023 жылдың маусымында сот олигархты 10 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Іс материалдарына сәйкес, 2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев қайтарылмайтыны несиелер беру арқылы Delta Bank-тен ақша шығарып отырған.
Қылмыстық әрекеттен келтірілген залал 200 млрд теңгеден астам, 200 млн доллар және 4 млн еуроны құрады.
2023 жылдың желтоқсанында ҚДБ, Air Astana және "Даму" қоры олигархтан миллиардтаған қарыны өндіріп ала алмады.
Тілеубаев сондай-ақ үш банктен (Bank RBK, Еуразиялық банк және Qazaq Banki) жымқыру ісі бойынша мерзімін өтеп жатыр. 2021 жылдың наурызында сот оны және бұрынғы банкир Жомарт Ертаевты тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
ТІЛЕУБАЕВ НЕСІМЕН ТАНЫМАЛ?
Ол жойылған "Қазинвестбанк" пен Delta Bank акционері болды, "АӨК-Инвест" корпорациясы" ЖШС, "Астық сақтандыру компаниясы" АҚ акцияларының 50%-ын, "Әлиби" холдингі" ЖШС мажоритарлық үлесін иеленді.
Тілеубаев Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 50 ең бай кәсіпкердің тізімінде 22-орында болды.