×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Навальныйды жерлеу рәсіміне қатысқан эпископ иноагент атанды

20.07.2024, 10:15
Навальныйды жерлеу рәсіміне қатысқан эпископ иноагент атанды
Ашық дереккөзден

Ресей Әділет министрлігінің 19 шілдедегі бұйрығына сәйкес, Евгений Киссин, Григорий Михнов-Вайтенко, Дмитрий Цибирев, сондай-ақ Юрий Швец шетелдік агенттер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, Е.Киссин – Украинадағы арнайы әскери операцияға қарсы болғандардың бірі, Украина Қарулы Күштерін қолдауға қаражат жинау шараларына қатысқан. Оның ішінде өзінің гастрольдік сапары барысында біраз қаржы жинаған. Сондай-ақ Украина Қарулы Күштеріне қаражат аударған екен.

Епископ Г.Михнов-Вайтенко шетел агенттерінің хабарламалары мен материалдарын көпшілікке таратумен айналысқан. Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер мен олар жүргізіп отырған саясат туралы жалған ақпарат таратқан.

Ал Д.Цибирев – Навальныйдың Саратовтағы штабының бұрынғы басшысы. Ол елді рұқсат етілмеген митингілер мен пикеттерге қатысуға шақырып, Украинадағы арнайы әскери операцияға қарсылық білдірген. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер және олардың жүргізіп отырған саясаты туралы жалған ақпарат таратқан, шетелдік агенттердің хабарламалары мен материалдарын жасауға және таратуға да қатысқан.

Ю.Швец – бұрынғы кеңестік барлау офицері, ТАСС тілшісі, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қаралап, оған қарсы YouTube-те блог жүргізеді. Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер және олар жүргізіп отырған саясат туралы жалған ақпарат, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің теріс имиджін қалыптастыруға бағытталған жалған ақпарат таратқан.

Сонымен қатар Ресей Әділет министрлігінің бұйрығына сәйкес, «Правовая инициатива» қоры коммерциялық емес ұйымы таратылуына байланысты тізімнен шығарылды.