×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Боксшыларымыз Парижге жол тартты

21.07.2024, 10:49
ҚБФ

Мырзағали Айтжанов бастаған бокстан ұлттық құрама командамыздың бапкерлері мен боксшылары биылғы Олимпиада қаласы Парижке аттанып кетті, деп хабарлайды Ulys Sport.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабардар етті.

«Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта он олимпиадалық үміт, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні Отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады», - делінген хабарламада.

Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Ал әйелдер құрамасы 3 салмақта сынға түседі. 

Нақты айта кетсек, ерлерден Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, ағайынды Нұрбек Оралбай мен Айбек Оралбай және Қамшыбек Қоңқабаев ел намысын қорғаса, әйелдерден Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова шаршы алаңға шығады.

Серіктес жаңалықтары