×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

"Kaspi Gold" арқылы ақша жинаған мектеп басшылығы сотталып жатыр

22.07.2024, 10:09
Фото: ашық дереккөзден

Мұнайлы ауданының прокуратурасы «№3 арнайы мектеп» КММ тексеру нәтижелері бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинауды жүзеге асырған.

“Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды”,  – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

“Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары