×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Елімізде тағы бір талапкер 140 балл жинады

23.07.2024, 00:10
дереккөз

IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке ала отырып, Ақмола облысы Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанова 140 балл иегері атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне қарағанда, Айым ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады.

Сонымен қатар ол «Ағылшын тілі» пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды. Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қазіргі уақытта Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады.

Сондай-ақ IELTS халықаралық сертификатындағы балдарды ауыстыруды есепке алғанда, Ақмола облысы, Қосшы қаласының талапкері Мардан Күншығаров 139 балға ие болды. Естеріңізге сала кетсек, биыл ҰБТ-ны тапсырушылардың ішінде 139 балды 2 тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинаған болатын.

Жалпы барлығы 716 адам 130-дан астам балл жинады.

Ең жоғары балл жинаған бес талапкердің барлығы болашақ мамандықтары бойынша шешім қабылдады. 140 балл иегері атанған екі талапкер «Ақпараттық технологиялар» мен «Ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығын таңдады. 139 балл иегері атанған үш талапкер «Медицина», «Филология», «Халықаралық қатынастар және дипломатия» бағыттарын таңдады.

Серіктес жаңалықтары