ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ел ішіндегі бөлшек электрондық сауда нарығының көлемі 2,4 трлн теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24,3%-ға көп. Жалпы, 2023 жылы электрондық сауданың (маркетплейстерді қоса алғанда) бөлшек сауданың үлесі рекордтық 12,7%-ға жетті, деп хабаралайды Ulysmedia.kz.
МАРКЕТПЛЕЙСТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ САУДАНЫҢ 93% АЛЫП ОТЫР
Ranking.kz хабарлауынша, бұл ретте электрондық сауда айналымының 72,4%-ы маркетплейстерге, ал 27,6%-ы кәсіпорындардың өздерінің интернет-ресурстары арқылы сатуға тиесілі екенін атап өткен жөн. Осылайша, ҚР-да электрондық сауданың негізгі нарығын маркетплейстер қалыптастырады.
Маркетплейстер арқылы өз тауарларын негізінен шағын кәсіпорындар сатады — олардың үлесіне электрондық сауда нарығының 93%-ға жуығы тиесілі. Сонымен қатар, орта кәсіпорындардың үлес салмағы 4,8%-ды құрады, ал ірі кәсіпорындардың үлесі небәрі 2,4%-ды құрады.
КІМ ҚАНША САЛЫҚ ТӨЛЕДІ?
Kaspi.kz (Kaspi Магазин, Kaspi Travel, Kolesa) 2023 жылы компания өз маркетплейстерінің қызметінен бюджетке 102,7 млрд теңгеден астам салық аударды.
Салық бойынша ТОП-5-ке сондай-ақ "ИМВБКЗ" ЖШС-нің Wildberries.ru (2023 жылы бюджетке 13,5 млрд теңге салық аударды), "ОЗОН Маркетплейс Қазақстан" компаниясының Ozon.kz (5,2 млрд теңге) және "ОЭлИкс Групп" компаниясының Olx.kz (3 млрд теңгеге жуық) кірді. Бесінші орында Halykmarket.kz орналасты: шамамен 996 млн теңге.
Одан әрі салық бойынша Shop.kz (240 млн теңге), Forte.kz (206,3 млн теңге), Jmart.kz (79,5 млн теңге) және басқалар тұр.