Алматыдағы «Барыс-4» көтерме базарында кешенді тексеріс жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бақылау барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің сақталуына, баға белгілеу тәртібіне, тауарларда баға көрсеткіштерінің болуына және өнімсіз делдалды анықтауға басымдық берілді.
“Тексеру барысында 1 025 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 717 кәсіпкер тауар бағасын теңгемен көрсетпеген, ал 308 кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар өнімдерге белгіленген 15% сауда үстемесін асырған.Жалпы салынған айыппұл көлемі 25 миллион теңгеден асты”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар 18 делдалдық схема анықталып, олардың қызметі тоқтатылды. Тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.