×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Армения мен Әзербайжан шекарасында жағдай күрт шиеленісті

16.11.2021, 21:41
Фото: ВВС

Сейсенбі күні Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдай күрт шиеленісіп кетті. Арменияның қорғаныс министрлігі шайқас кезінде қаза болғандар туралы хабарлап, Бакуді шығыс бағытта шекараны бұзып өтпек болды деп айыптады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

BBC-дің мәліметінше, өз кезегінде Баку әзербайжандық позицияларға шабуыл жасалғанын жариялауда. Ереван өз егемендігін қорғау үшін Мәскеуден көмек сұрады.

8-15 қараша күні шекарада қарулы оқиғалар қатары орын алды. Қазір қақтығыстардың ауқымы күрт артты.

Сейсенбі, қарашаның 16-сы күні таңертең Әзербайжан қорғаныс министрлігі Армения әскерилерінің Әзербайжан шекарасының Калбажар және Лачын учаскелеріндегі биіктіктерді басып алу операциясын бастағанын хабарлады. Әзербайжан әскерінің позициялары әртүрлі ірі калибрлі қарулардан және гранатометтерден қарқынды атқылауға ұшырады, салдарында екі әскери қызметкер жараланған.

Арменияның қорғаныс министрлігі өз кезегінде Армения әскерилері Әзербайжан әскерилерінің «ілгерілеуіне жол бермеу үшін жауап әрекеттерін жасағанын» мәлімдеді. Оның нұсқасы бойынша, осыдан кейін Әзербайжан қарулы күштері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де шекараның шығыс бөлігіндегі армян позицияларын атқылай бастады.

Сағат 15:00-де Әзербайжан қорғаныс министрлігі жаудың танкіге қарсы қаруы мен минометтерінің жойылғанын хабарлады.

«Шекарадағы жағдай шиеленісті күйінде қалып отыр, қазір ұрыс жалғасуда», - делінген хабарламада.

Армения әскерилері егжей-тегжейлі мәлімет бермей, өз позицияларына шабуыл жасағанын хабарлады.

Кейінірек Ереванда олар сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Әзербайжанмен шекара сызығының шығыс бөлігіндегі жағдайдың өте шиеленісіп тұрғанын хабарлады.

«Армян жағында қаза тапқандар мен жараланғандар бар, олар туралы деректер нақтыланып жатыр. Сондай-ақ, армян жағы екі жауынгерлік позициясын жоғалтты», - деп хабарлады Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Тағы бір дереккөз бойынша, Әзербайжан шекарадағы ұрыс кезінде 12 армян әскери қызметкерін: 7 келісімшарт бойынша сарбаз бен 5 әскери борышын өтеушіні тұтқынға алған.

Серіктес жаңалықтары