×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

Колледжге түсуге онлайн құжат тапсыру жолдары – нұсқаулық

23.07.2024, 15:48
Колледжге түсуге онлайн құжат тапсыру жолдары – нұсқаулық
Фото: ашық дереккөзден

Колледжге түсу үшін құжаттарды eGov.kz порталында онлайн тапсыруға болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Порталдың Telegram-арнасында жарияланған ақпарат бойынша, енді пайдаланушы құжаттарды тапсырған кезде оқу тілін және оқуды жоспарлап отырған өңірді таңдай алады.

Өтінім беру үшін талапкер:

  1.  eGov.kz порталында авторизациядан өтуі қажет;

  1. «Білім» бөліміне өтіп, «Колледждер» санатын таңдау керек;

  1. қызметтер тізімінен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»  құжатының қажетті санатын таңдау қажет;

  1.  барлық қажетті өрістерді толтырып, файлдарды жүктеу керек;

  1. ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою керек;

Жеке кабинетте көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысуға болады. 

Сонымен қатар, пайдаланушыларда өтінім күйін бақылауға және қажет болған жағдайда оны қайтарып алуға мүмкіндік пайда болды. Бір талапкер 4 түрлі колледжге 4 мамандыққа дейін таңдау мүмкіндігімен бір ғана өтінім бере алатынын айта кету керек.