×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

15 жаста босанды: Павлодарда өгей қызын зорлаған тұрғын сотталды

24.07.2024, 11:00
15 жаста босанды: Павлодарда өгей қызын зорлаған тұрғын сотталды
Фото: probalakovo.ru

57 жастағы ер адам 14 жастағы өгей қызын зорлағаны үшін 18 жылға сотталды. Оқиға 2023 жылдың мамырында болған, ал биыл көктемде қыз босанған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының хабарлауынша, сот процесі жабық режимде өткен. Кәмелетке толмаған жәбірленушіні өгей әкесінің зорлау фактісі бойынша іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

ҚАТАҢ ЖАЗАЛАМАУДЫ СҰРАДЫ

"Сотталушы Ц. кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады. Оның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді", - деді сот баспасөз қызметі.

Сот бұл қылмыс аса ауыр санатқа жататынын және тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін атап өтті.

"Аса ауыр қылмыс жасау мән-жайларын ескере отырып, оған 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ Ц. өмір бойы педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", - деп хабарлады сот баспасөз қызметі.

ӨГЕЙ ӘКЕ

Ер адам жәбірленуші қыздың өгей әкесі болған. Сонымен қатар оның қыздың анасымен ортақ туған үш баласы бар.

2023 жылдың мамырында отбасында балалардың бірінің туған күнін тойлаған. Ал мереке аяқталған кезде ер адам кәмелетке толмаған өгей қызын зорлаған.

Қыз 15 жасында бала туған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанғанын, оның тамыз айында 13-ке толатынын хабарлаған едік. Кейін баланың әкесі кім екені анықталып, жәбірленушінің туысы күдікті деп танылды.