×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Трамп VS Харрис. Жаңа президент Қазақстанға қалай әсер етеді

24.07.2024, 11:30
ulysmedia

Трамп президент болса, Қытайға қарсы Америка санкцияны күшейтеді, оның әсері Қазақстанды да жанап өтеді деп хабарлайды ulysmedia.kz саясаттанушы пікірін алға тартып.

ҚЫТАЙМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

"АҚШ президенті әкімшілігі Қытайдың сауда-саттықты дамытуға бағытталған бастамасын әлсірету үшін ең ірі "Бір белдеу — бір жол" геоэкономикалық жобасына қысым жасай бастауы мүмкін", — дейді саясаттанушы Ғазиз Әбішев Forbes-ке білдірген пікірінде.

“СОҒЫСТЫ ТОҚТАТАМ”...

Ресеймен қарым-қатынасқа келетін болсақ, Әбішев Трамптың сайлаудан кейін Ресей-Украина қақтығысын бұған дейін уәде еткендей шешуге тырысу ықтималдығын жоққа шығармайды.

"Бұл ретте ол бұл мәселеге неғұрлым батыл қарайтын болады", — дейді сарапшы.

Трамп екі ел арасындағы соғысты «бір қоңыраумен шешем» деген болатын.

«Демек, Ресейге қатысты санкцияны жеңілдету немесе күшейту бейбіт келісім жоспарларына байланысты болады», деп қосты сарапшы.

Жалпы, Трамптың келуімен бірнеше бағытта жағдай күрт өзгеруі болады, өйткені ол Израильді түбегейлі қолдайды, деп атап өтті Ғазиз Әбішев.

ХАРРИС ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Ал Камала Харристің сайлаудағы жеңісі әлемдік қауымдастық үшін елеулі өзгерістер әкелмейді деген пікірді. Ол Қытаймен және Ресеймен жүріп жатқан "дүдамал қарсыласу"  саясатын жалғасытарды.

"Америкалық истеблишмент Харристің іскерлік қасиеттері туралы жақсы пікірде емес. Ол әр түрлі кеңесшілердің ықпалымен Байден секілді түсініксіз саясат жүргізуі әбден мүмкін. Яғни, ол өте сақ болады", — деп түсіндіреді саясаттанушы.

Осылайша, Харристің келуі  Қазақстанға ешқандай әсер етпейтіні анық, деп түйіндейді Әбішев.

Серіктес жаңалықтары