×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Түркістан облысының жастары Кореяда визасыз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады

24.07.2024, 16:55
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында ашылатын Wosong университетінің филиалын бітірген студенттер Кореяда визасыз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы онлайн-конференцияда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, алдағы 1-2 жылда Қазақстанда әлемдені ең ірі бес техникалық университеттің кампусы ашылады. Олардың бірі жастарға Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

“Оңтүстік Кореяда жекеменшік Wosong университеті бар. Оның кампусы Түркістанда ашылады. 
Облыс әкімімен барып, өкілдерімен кездесіп келдік. Біз ғимарат пен кампус салуға 1-2 гектар жер береміз. Кейін Wosong-Түркістан университетінің түлектері Оңтүстік Кореяда визасыз жұмыс істей алады. Олар киберқауіпсіздік, компьютерлік инженерия, деректер ғылымы салаларына маман дайындайды", — деді министр.

Серіктес жаңалықтары