Астанада 55 жер телімі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Қадағалау органы мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алып қою туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді.
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірі өтемақы алғаннан кейін, қаланы абаттандыру үшін мемлекетке 50 жер телімін беру туралы сот шешімін екі жыл бойы орындамаған. Басқа бір жеке тұлға өтемақы алғаннан кейін 4 мың баланы оқытуға арналған мектеп құрылысы үшін мемлекетке жер телімін беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған", - деп жазылған хабарламада.
Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі бойынша жер телімдерін мемлекетке беру арқылы орындалды.