Астанада құрылыс алаңында жұмысшының үстіне кірпіш құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz полицияға сілтеме жасап.
Оқиға 19 шілдеде болған. Құрылыс алаңында жұмысшының басына кірпіш құлақан. Құрылысшы қайтыс болды.
Адам өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Атырауда көлікті жөндеу кезінде 27 жастағы жұмысшы қаза тапқаны хабарланған еді.