×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Парижден 12 мыңнан астам үйсіз адам күшпен шығарылған

26.07.2024, 09:42
Парижден 12 мыңнан астам үйсіз адам күшпен шығарылған
Фото: Shutterstock: Keitma

Парижде баспанасы жоқ адамдар наразылыққа шықты. Франциядағы белсенділер әлем Париж Олимпиадасының тек жақсы жағын ғана көріп отырғанын, Жазғы Ойындардың ел азаматтары мен мигранттар үшін теріс әсері барын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24.kz телеарнасының хабарлауынша, Париждің орталығында баспанасыз адамдар наразылық акциясын өткізді. Көбі – әйелдер мен балалар.

Олар Олимпиада ойындары басталғаннан кейін мүлде далада қалғанын, жағдайы бұрынғыдан да қиын екенін айтады. Үйсіз жандарға үкіметтің емес ұйымдар араша түсті. Белсенділердің мәлімдеуінше, Парижден 12 500 баспанасыз адамның күшпен шығарылған. Бұл 2 жыл бұрынғы көрсеткіштен 40% жоғары.

“Бұл адамдар Олимпиада басталғанға дейін әлеуметтік жатақханаларда тұрып келген. Оларға тіпті Париж аумағынан тез арада шығып, басқа аймақтарға кетуге нұсқау берілгенҮйсіз жүрген отбасылардың арасында балалар көп, ең кішісі – 3 апталық сәби.”, – дейді үкіметтік емес ұйым өкілі Ианн Манзи.

Бұдан бөлек, Парижде түнеп шығатын орындар мен тегін тамақ үлестіретін орталықтар да жабылды. Билік үйі жоқ адамдарды қууға былтырдан қамданған. Бір жыл бұрын оларға айыппұл салу, тіпті қамауға алу туралы заң шықты.

“Негізі осы Олимпиада ойындары кезінде біз адам құқығына құрметпен қараудың жақсы үлгісін көрсетуіміз керек еді. Осы тамаша тарихи мүмкіндікті жіберіп алып отырмыз”, – деді үкіметтік емес ұйым өкілі Поль Алази.

Билік: «үйсіз адамдарды Олимпиада аяқталған соң жарылқаймыз», – дейді. Олимпиадаға қатысушы спортшыларға арналған төсек-жабдық үйі жоқ адамдарға берілмек.