Air Astana әуе компаниясы рейске бойжеткенді кіргізбей қойған қызметкерлерінің әрекетіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әуе компаниясының түсініктемесі
– Air Astana әуе компаниясы 26 шілдедегі КС969 рейсінің жолаушысын «Алматы-Шымкент» бағыты бойынша тасымалдаудан бас тартты, себебі оның алкогольдік мас болу салдарынан жүріс-тұрысы әуе компания қызметкерлерін алаңдатқан. Мұндай мiнез-құлық денсаулығына қауіп төндіру мүмкін болды және жолаушыларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін болған. Аталған факті бойынша желілік полоция бөлімінің қызметкерлері қажетті актілерді ресімдеу үшін шақырылды. Кейіннен сараптама барысында қандағы алкогольдің болуы расталды, – делінген хабарламада.
Рейс алдындағы оқиға
Air Astana әуе компаниясының бортсеріктері мас деп санап, рейске бойжеткенді кіргізбей қойған еді. Телетрапта болған оқиға жайлы ақпаратты бойжеткеннің өзі желі арқылы таратты. Алматы тұрғыны Карина Нәбиева стюардессалар кіргізбей қойған сәтін видеоға түсіріп алған. Кадрларға қарағанда, әйелдің көзінің қызаруына байланысты оны стюардессалар қатты мас деп күдіктенген. Алайда бойжеткен сау екенін көрсету барлық сынақ, тексеруден өтуге дайын екенін мәлімдеген.
– Мен алкоголь, есірткі, кез келген нәрсе болсын, медициналық тексеруден өтуге дайынмын, — дейді ол видеода.
Жолаушылардың аргументтері Air Astana қызметкерлерін сендірмеген. Содан кейін бортсеріктер ұшақтың есігін тарс жауып алған.