×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Kaspi Bank санкцияға ұшыраған серіктестерін бұғаттай бастайды

29.07.2024, 12:41
Kaspi Bank санкцияға ұшыраған серіктестерін бұғаттай бастайды
ашық дереккөзден

Kaspi Bank халықаралық санкцияларға ұшыраған серіктестернің операциясына тосқауыл қояды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kaspi Bank серіктестерге қызмет көрсету шартына өзгеріс енгізіп жатыр.

Енді банк "әріптеске және/немесе онымен тікелей, жанама байланысты тұлғаға елдер, одақтар, ұйымдар халықаралық санкцияларды, тыйымдар мен шектеулерді енгізген жағдайда мән-жайлар анықталғанға дейін серіктеске хабарламай" күдікті операцияларды бұғаттайтын болады.

Бұрын Kaspi серіктестердің операцияларын алаяқтық операцияларға күдік болған жағдайда ғана бұғаттап келген.

Өткен аптада Қазақстан банктері Ресейден келген бизнес өкілдердің төлемдерінен жиі бас тарта бастағаны белгілі болды.