Азаматтық авиация комитеті Алакөл көлінде дельтапланның құлап, екі адамның зардап шеккені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Белгілі болғандай, дельтаплан мемлекеттік азаматтық әуе кемелерінің тізіліміне тіркелмеген, сәйкесінше ұшуға сертификаты болмаған.
Сонымен қатар, ұшқыштың жарамды авиациялық персонал куәлігі болмаған.
“Әуе кемесінің құлау себептерін тергеуді құқық қорғау органдары жүргізеді”, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, 25 шілдеде Алакөл көліне дельтаплан құлап, ер адам мен әйел жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды.
22 маусымда Ақтөбе облысында дельтапланның апатқа ұшырауы кезінде ұшқыш қаза тапқан.