×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Каспий теңізінде 156 итбалық зерттеу нысанына айналды

29.07.2024, 13:01
Каспий теңізінде 156 итбалық зерттеу нысанына айналды
Фото: astrakhanzapoved.ru

Ауыл шаруашылығы министрлігі 156 Каспий итбалығын зерттеу нысанынан айналдыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Каспий итбалығы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген су жануарларының қатарына жатады. Оны сақтау үшін ғылыми көзқарас қажет. Сондықтан Үкімет Маңғыстау және Атырау облыстарының жағалауы бойынша Каспий теңізіндегі Дурнева, Тюленьи және Ремонтныешалыги (Ақтоты) аралдарындағы 156 Каспий итбалықтарына ен салу туралы Қаулыға қол қойды.

“Ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін, алынған дарақтар табиғи ортаға қайта жіберіледі”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Сонымен қатар Алматы облысы шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қомасынан сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген арал пілмайын, Қызылорда облысы шегінде Сырдария өзенінен арал қаязын, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысы шегінде, Ертіс өзені мен оның салаларынан тайменді, Павлодар облысы шегінде Ертіс өзенінен сыланды мекендеу ортасына шығара отырып, ғылыми мақсатта арнайы құрылған жағдайларда өсіру үшін алып қоюға рұқсат етіледі.

“Қазіргі уақытта ғылыми ұйымдар тиісті рұқсаттар алуда, содан кейін олар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларын зерттеу және сақтау бойынша зерттеулерге кіріседі”, – делінген хабарламада.