×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

2,5 тонна прекурсор. Шымкентте есірткі зертханасы анықталды

29.07.2024, 20:20
ашық дереккөз

Шымкент қаласының прокуратурасы Түркістан облысы аумағында жасырын синтетикалық есірткі зертханасының қызметін әшкерледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен биыл 11 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы аумағында жасырын синтетикалық есірткі зертханасының қызметін әшкерледі.

Шымкент қаласының екі тұрғыны кезекті есірткі заттарын жасау сәтінде ұсталды.

Тінту кезінде 60 келіден астам психотроптық заттар, 2,5 тонна прекурсорлар және синтетикалық есірткіні жасауға арналған құрал жабдықтар тәркіленді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген – делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуілге жатпайды.