×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Көзге көрініп тұрды»: Нысанбаев Ағабековтың үстінен өзі арыз түсірген

30.07.2024, 12:08
«Көзге көрініп тұрды»: Нысанбаев Ағабековтың үстінен өзі арыз түсірген
Коллаж Ulysmedia.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының бұрынғы басшысы Олжас Ағабековтың ісі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Нысанбаев не дейді

– Былтыр мен министр болып келгенде көрмеге (Дубайдағы) дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр екен. Соған байланысты 300 млн теңгедей ақша бөлініпті. Бірақ ол демеушілердің қаржысы. Жұмысының нәтижесін өзім Дубайға барып көргеннен кейін кері қайтқан соң тексеру жөніндегі тиісті органдарға шағым түсірдім. Себебі көрмені маман болмаса да бірден көзге көрініп, белгілі болды – бөлінген қаражатқа сай емес болды. Келе салысымен арыз жазылғанның нәтижесінде бүгінгі таңда иелеріне қаражат қайтарылды. Жұмсалған қаражат қана қалды (...) – деді Нысанбаев бұл іс өз бастамасы бойынша қозғалғанын айтып.

Қандай айып тағылды

Оның ісіне қатысты тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген. Ол Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін көрмеге бөлінген 270 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл қаражат Дубайда өтетін халықаралық көрмедегі қазақстандық павильонға бөлінген. 

Айып тағылған баптар

Сот Олжас Ағабековке мына баптар бойыша айып тағып отыр: 

  • ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлімінің 3-тармағы – «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану»;
  • ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы – «Алаяқтық»;
  • ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлімінің 3-тармағы – «Пара алу».

Олжас Ағабеков кім

Ол президенттік кадрлық резерв мүшесі. Көп жылдар бойы Энергетика, кейін Экология министрлігінде қызметте болған.

Сондай-ақ «Алматы электр станциялары» АҚ, «KEGOC» АҚ, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында, Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында жұмыс істеген. 

2016-2022 жылдары Энергетика министрлігінің климаттың өзгеруі жөніндегі департамент директорының орынбасары, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры болды.