×
491.71
529.97
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.71
529.97
5.05

Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істеп жатқан белгілі болды

18.11.2021, 09:25
Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істеп жатқан белгілі болды
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 16 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуде деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дәлірек айтқанда 16 059 шетелдік азамат елімізде жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша табыс табуда.

«Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 647 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 222 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 746 адам және 718 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 769 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 957 адам тартылған», делінген бүгін келіп түскен ақпаратта.

Қазіргі уақытта, құзырлы орын мәліметіне жүгінсек, Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 739 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 4 068 адам, Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 адам, Ұлыбритания – 1 047 адам. Осылайша сырттан келіп еңбек етушілердің ішінде ең көбі қытайлықтар мен түркиялықтар болуда.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.