×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Павел Дуров жүзден астам баланың биологиялық әкесі болып шықты

Павел Дуров жүзден астам баланың биологиялық әкесі болып шықты
Фото: Павла Дуровтың Telegram арнасынан

"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаған Павел Дуров жүзден астам баланың биологгиялық әкесі екенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Маған жаңа ғана 100-ден астам биологиялық балам бар екенін хабарлады. Ешқашан үйленбеген және жалғыз өмір сүруді қалайтын адам үшін бұл қалай мүмкін болды?”, – деп жазды Павел Дуров.

Оның сөзінше, он бес жыл бұрын оған досы өтініш білдірген. 

“Ол әйелі екеуінің бедеулік проблемаларына байланысты бала көтере алмайтынын айтып, бала сүю үшін клиникада шәует тапсыруымды сұрады. Мен оның шын айтып тұрғанын білгенге дейін көзімнен жас аққанша күлдім. Клиника басшысы маған "жоғары сапалы донорлық материал" жетіспейтінін және жұптарға жасырын көмектесу үшін көбірек шәует тапсыру менің азаматтық борышым екенін айтты”, – деді кәсіпкер.

Оның донорлық қызметі 12 елдегі жүзден астам жұпқа бала сүюге көмектесіпті. 

“Қазір мен өзімнің ДНҚ-мды жалпыға қолжетімді етуді жоспарлап отырмын. Сонда менің биологиялық балаларым бір-бірін оңай таба алады. Әрине, қауіптер бар, бірақ мен донор болғаныма өкінбеймін. Мен осы донорлық бағытты тар түсініктерден арылтуға және бала көтеру қиындықтарына тап болған отбасыларға көбірек мүмкіндік беру үшін дені сау ерлерді ынталандыруға көмектескім келеді”, – деп жазды Дуров.