×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Абай облысында қыз зорлаған күдікті Ресейде ұсталды

31.07.2024, 10:53
Абай облысында қыз зорлаған күдікті Ресейде ұсталды
Getty Images

Абай облысында қызды зорлады деген күдікке ілінген адам Ресейде ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz аймақ полициясына сілтеме жасап.

"Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Новосибирскіде ұсталды", - деп хабарлады Абай облысының Полиция департаменті.

Зорлау оқиғасы 2023 жылдың наурыз айында Абай облысының бір ауданында орын алған.

Бұған дейін Қостанай облысында бес жасар қыз жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған болатын. Бұл қылмысқа 8, 12 және 13 жастағы үш бала күдікті болып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Қостанайда бес жасар қыздың топтық сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы жаға ұстатарлық оқиға болғанын хабарлаған едік. Бұл туралы қыздың анасы #НеМолчиKZ ұйымына мәлімдеген болатын. Қостанай облысының полиция департаменті бес жастағы қыз баланың зорланғанын растап, күдіктілердің қамауға алынбағанын айтты

Кейін Қостанай облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Несібелі Басенова бес жасар қыз баланы 12-13 жастағы ұлдардың зорлау фактісі бойынша ақпарат беріп, қыздың анасы байланысқа шықпай отырғанын айтты

Қазақстандықтарды дүр сілкіндірген бұл оқиғаға кім кінәлі, педофилия неге күн өткен сайын жасарып барады? Көптің көкейіндегі сауалдарға жауап алу үшін Ulysmedia.kz сарапшылармен тілдесті. Материалды мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.