×
$
456.89
531.36
5.32
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.89
531.36
5.32

Зеленскийдің ұшағы Молдовада дронмен соқтығысуға шақ қалды

Бүгін, 10:30
Зеленскийдің ұшағы Молдовада дронмен соқтығысуға шақ қалды
informator.ua

Украина президенті Владимир Зеленский мінген ұшақ Ресейдің дрондарына байланысты жарияланған дабылдан кейін Молдовада кідіріп қалды. Сол кезде ол Норвегияға бағыт алып бара жатқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Мән-жай

Елдің әуе кеңістігі уақытша жабылды. Ұшаққа Молдовадан ұшуға рұқсат ел аумағына дрондардың бірі құлағаны белгілі болғаннан кейін ғана берілді.

Молдова билігі Ресейдің екі дроны елдің әуе кеңістігіне кіргенін хабарлады. Олардың бірі Кишинёвтің солтүстігіндегі далаға құлап, өртке себеп болған. Екіншісі Румыния бағытына қарай ұшуын жалғастырған.

Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты үш ұшу және төрт қону рейсі кейінге шегерілді.

Зеленскийдің ұшағы дронға жақын болған

Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере кейін NRK телеарнасына берген сұхбатында Зеленскийдің ұшағы дронның соққысына аз қалғанын айтты.

– Оның ұшағы Молдовадан ұшуға дайындалып жатқан кезде дронның шабуылына сәл-ақ қалды. Ол осындай шындықпен бетпе-бет келіп отыр, – деді Стёре.

Алайда ол бұл ақпаратты қайдан алғанын және дронның президент ұшағына қаншалықты жақын болғанын нақтыламады.

Санду оқиғаны қауіп деп атады

Молдова президенті Майя Санду дрондардың ел аумағына кіруін «адамдардың өміріне төнген елеулі қауіп» деп атады. Ол сондай-ақ Украинамен шекарадағы өткізу бекетіне жасалған Ресейдің дрон шабуылын айыптады. Шабуыл салдарынан екі адам қаза тапқан.

Украина президенті Норвегия королі Харальд V-нің жерлеу рәсіміне қатысу үшін Ослоға барған. 9 қыркүйекте Зеленский өзге мемлекет басшыларымен бірге қаралы рәсімге қатысты. Осыдан кейін көп ұзамай Норвегиядан кеткен.