×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Туризм журналы Қазақстанды 10 үздік бағыттың біріне қосты

rosphoto.com

Туризм саласындағы жетекші әлемдік басылымдардың бірі Қазақстанды саяхаттауға арналған 10 үздік бағыттың тізіміне енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kazakh Tourism мәліметінше, туризм саласындағы жетекші басылымдардың бірі Dove Travel Қазақстанды өмірде кем дегенде бір рет баруға тұрарлық 10 үздік бағыттың қатарына қосқан.

"Бұл беделді тізімге ену Қазақстанның бай мәдениеті мен таңғажайып табиғатының, сондай-ақ елдің туристік әлеуетінің жоғары деңгейде танылуының дәлелі болып табылады", - делінген хабарламада.

Мақалада Қазақстанның дәстүрлері мен мәдениеті туралы деректер мен әңгімелер, сондай-ақ еліміздің бай және әртүрлі табиғатын бейнелейтін түрлі-түсті және әсерлі фотосуреттер келтірілген.