Numbeo деректері бойынша, биылғы жылдың 26 шілдесінде Қазақстанда арзан мейрамханада тамақтанудың құны 8,5 доллар құрады. Үйден тыс тамақтанудың ең арзан бағалары бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 96 елдің ішінде 46-орынға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Орташа бағалы мейрамханада екі адамға арналған үш тағамнан тұратын түскі ас 31,7 АҚШ долларын құрайды. Бұл критерий бойынша Қазақстан 35-орында.
Әлемдегі ең жоғары бағалар Швейцарияда тіркелген: арзан мейрамханада тамақтану 28,3 долларды, ал орташа бағалы мейрамханада екі адамға арналған үш тағамнан тұратын түскі ас 124,4 долларды құрайды.
ТМД елдері арасында үйден тыс тамақтану Өзбекстанда арзан. Мысалы, бұл елде арзан мейрамханада тамақтану небәрі 4,8 АҚШ долларын, ал орташа бағалы мейрамханада екі адамға арналған түскі ас 22 долларды құрайды.
Достастық елдері арасында ең жоғары бағалар Арменияда байқалады. Онда арзан мейрамханада тамақтанудың құны 11,3 доллар, ал орташа санаттағы мейрамханада екі адамға арналған түскі ас 51,6 доллар тұрады.