Алматыда таунхаусты бұзу әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы әкімдігі Жұнисов көшесі, 135/20 учаскесіндегі «Шұғыла» ықшамауданындағы нысанның сүрілгенін хабарлады.
МӘЛІМЕТТЕР
“Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында таунхаус толық рұқсат құжаттар пакетінсіз шаруашылық тәсілмен салынғаны анықталды”, - деп хабарлады әкімдік.
Белгіленген әкімшілік шараларды меншік иесі орындамады. 2 ақпанда сот ғимаратты бұзу туралы шешім шығарды.
“Өткен жылдың басынан бері 41 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» және басқа да тұрғын үй кешендері толық немесе ішінара сүрілді”, - деп еске салды әкімдік.