×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Иранда тағы да қаралы күн жарияланды

31.07.2024, 23:47
ашық дереккөз

ХАМАС-тың Саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның өліміне байланысты Иран Ислам республикасы үш күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ИРНА-ның мәліметіне қарағанда, Иран Ислам Республикасының үкіметі Иранның ресми және дипломатиялық қонағы Исмаил Ханияға қарсы лаңкестік әрекетті айыптайды.

Сонымен қатар, мұны сионистік режимнің лаңкестік сипаты мен әлемнің кез келген жерінде қауіпсіздіктің жоқтығының тағы бір айқын дәлелі деп бағалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 31 шілдесінде Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Ханияның Иранда өлтірілгенін хабарлады. Онда ол жаңа сайланған Президент Масуд Пезешкианның инаугурациясына қатысқан.

Марқұммен қоштасу рәсімі 1 тамызда Тегеранда өтеді. Осыдан кейін мәйіт жерлеу үшін Дохаға жіберіледі.

Естеріңізде болса, биылғы мамырда ғана Иран президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қаза болғанда бес күндік аза тұту жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары