×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Журналист Думан Мұхамедкәрімге үкім шықты

02.08.2024, 16:46
Журналист Думан Мұхамедкәрімге үкім шықты
Коллаж Ulysmedia.kz

Журналист Думан Мұхаммедкәрімге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкім

Қонаев қалалық сотының үкімімен журналист кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Журналист үкім бойынша сонымен бірге, үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналыса алмайды. Оған “экстремизмді қаржыландырып, тыйым салынған ұйым жұмысына араласты" деп айып тағылған еді. 

Бұған дейін прокурор Мұхаммедкәрімді жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ, мемлекеттік айыптаушы журналистке қоғамдық-саяси қызметке үш жылға тыйым салуды талап етті.

Журналистің жағдайы

Адвокат Ғалым Нұрпейісов бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісіне Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастары белсендінің денсаулық жағдайының нашарлауы туралы мәселені бірнеше рет көтергенін айтқан еді.

"Мен сотқа белсендіге медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы өтінішхат бердім, бұл талапты орындаудан бас тарту қатыгез қарым-қатынас ретінде бағаланатынын айттым", - деді адвокат.

Нұрпейісовтың айтуынша, Мұхаммедкәрімде аштық жариялау мен стресс аясында пайда болған "аурулар жиынтығы" анықталған. Белсенді ауруханада 7-10 күн бола алады. Сол тұста журналист ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың басында 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларын белсенді түрде жариялаған Мұхаммедкәрім мәжіліске сайланудан шеттетілді. Кейін полиция оны азаматтарды "заңсыз акцияға" шақырды деп айыптады.