×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

ХАМАС көшбасшысы Исмаил Ханияның денесі Катарға жерленді

03.08.2024, 13:06
ХАМАС көшбасшысы Исмаил Ханияның денесі Катарға жерленді
Anadolu

Қастандықтан қаза тапқан ХАМАС ұйымының төрағасы Исмаил Ханияның денесі Катарға жерленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тегеранда жасалған қастандық нәтижесінде шейіт болған ХАМАС саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханияны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Катар астанасы Дохада ұйымдастырылды.

TRT телеарнасының хабарлауынша, жерлеу рәсіміне Ислам елдерінен келген адам қарасы көп болған. Арасында  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш, вице-президент Джевдет Йылмаз, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын да қатысқан.