×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Досаев тілшіні нұқыған күзетшісін тексеруге уәде берді

18.11.2021, 15:53
Коллаж: ulysmedia.kz.

Парламент Сенатының кулуарында Ulysmedia.kz порталының тілшісі Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа тілшінің қызметіне кедергі келтірген күзетінің әрекеті дұрыс па деген сұрақ қойды.

Ulysmedia.kz тілшісі Махамбет Әбжан күзетінің тілшіге кедергі келтіргенін Ерболат Досаевтың өзі біле ме деген сұрақ қойды.

«Естімедім», - деп жауап берді ҰБ басшысы.

«Бұл мәселенің мән-жайын анықтай аласыз ба?» - деп сұрады журналист.

«Жақсы. Маған жазыңыз, не болғанын түсіндіріңіз, мен әрекетін тексеру туралы тапсырма беремін», - деді Ерболат Досаев.

«Ал жалпы, БАҚ Ұлттық банкпен жұмыс істеп, оның өкілдерінің пікірін білуі керек деп ойлайсыз ба? Егер тілшілерге күзет кедергі келтірсе, бұл журналистердің құқығының бұзылғаны емес пе? Қалай ойлайсыз?» - деп сұрады журналист.

«Мен олай ойламаймын. БАҚ-пен жұмыстың форматтары бар. Барлық талап орындалуы тиіс. Бұл үшін жұмысты реттейтін баспасөз қызметі бар. Ондай болса бәріне де жұмыс уақытында келерлік жағдай болар еді. Өзін өзі ұстау этикасына қатысты сұрақтар, қойылатын сауалдар, журналистерден болсын, Ұлттық банктің күзетінен болсын – бәрі әділетті түрде қаралуы керек. Егер мәселе туындаса оны әлбетте, қараймыз», - деді елдің басты банкирі.

«Егер күзет сізді саусағымен нұқыса, бұл дұрыс әрекет деп ойлайсыз ба?» - деп сұрады журналист.

«Жағдайдың нақты қандай болғанына байланысты. Шынайы бағасын берік көрелік», - деді Ерболат Досаев.

«Мәселен, қазір мен сізді саусақпен нұқысам мұным дұрыс па?» - деп сұрады журналист.

«Өзім де сізге сауал қояйын: ал Сіз мені не үшін нұқуыңыз керек?» - деді Досаев.

«Мен камераға түсіргенім үшін ол мені саусақпен нұқыды», - деді журналист.

«Бұл дегенмен субъективті пікір ғой. Сіз проблема барын айттыңыз. Қанекей, істің мән-жайын анықтайық. Бұл әділетті болады ғой иә?» - деді Досаев.

Айта кетерлігі, 1 қарашада Ulysmedia.kz журналисін Ұлттық банктің күзетшісі саусағымен нұқыған еді. Тілші Ұлттық банк алдында пикетке шыққан ипотека алушыларды түсірмек болғанда осы жағдай тіркелген.

 

Серіктес жаңалықтары