×
$
447.73
€
502.98
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.73
€
502.98
₽
5.35

Қазақстанда базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бар – сарапшылар

Бүгін, 18:02
Қазақстанда базалық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік бар – сарапшылар
Ulysmedia коллажы

Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Қазір ол 16,25% болып тұр. Сарапшылардың пікірінше, ақша-несие саясатын одан әрі жұмсартуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төмендетуге мүмкіндік бар

Мұндай қорытындыға Halyk Finance сарапшылары келген. Олар инфляция қарқынының бәсеңдеуіне назар аударып отыр. Қыркүйекте жылдық инфляция 9,3% болды. Қазіргі базалық мөлшерлеме жағдайында оның нақты деңгейі шамамен 7% деп бағаланып отыр.

– Инфляцияның қазіргі динамикасын және базалық мөлшерлеменің жоғары нақты деңгейін ескере отырып, Қазақстан Ұлттық банкінің жыл соңына дейін базалық мөлшерлемені айтарлықтай төмендетуге мүмкіндігі бар деп есептейміз, – делінген шолуда.

Мөлшерлеменің төмендеуі шетелдік инвесторлардың Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына деген қызығушылығын азайтуы мүмкін. Қазір оларды теңгемен көрсетілген активтердің жоғары кірістілігі де тартып отыр. Жыл басынан бері бейрезиденттердің иелігіндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 1,9 трлн теңгеден 2,7 трлн теңгеге дейін өсті.

Контекст

Бұған дейін сарапшылар қыркүйек қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция тамыздағы 9,8%-дан 9,1–9,4%-ға дейін баяулайды деп болжаған еді. Негізгі себептердің қатарында азық-түлік бағасының маусымдық төмендеуі, теңгенің нығаюы және қатаң ақша-несие саясаты аталды.

Нәтижесінде инфляция 9,3% болды.