×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Саясат Нұрбек грантқа ілінбей қалған талапкерлерге үндеу жасады

04.08.2024, 15:00
Саясат Нұрбек грантқа ілінбей қалған талапкерлерге үндеу жасады
ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылғы мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған талапкерлерге үндеу жасады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Соңғы уақытта елімізде орын алған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық – деп жазды министр телеграм арнасында.

Ол кешегі ата-аналар мен балалардың қуаныш жасын көріп, бірге қуанғанын айтты.

Бірақ, өкінішке орай, грант ала алмаған түлектер мен отбасылардың мұңында да біз біргеміз. Көптеген адам министрлікке, маған хабарласып, жазып жатыр, ал осы нәтижені сабырмен қабылдағандар да бар екен. Айтайын дегенім, үміт үзбеңіздер! Грант алу мүмкіндіктері әлі де бар! Биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды – деді Саясат Нұрбек.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді.

Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша екенін айту қажет. Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді. Құрметті түлек, қадірлі ата-ана біздің мақсатымыз – ел экономикасына қажетті кадрлар дайындау. Грант алу мүмкіндіктеріңіз қайталап жазам әлі де бар – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.

Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар.

KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.

Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.

Жұмыс берушілердің гранттары.

Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.

Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.

Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.

Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.

Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз. Сәттілік тілейміз! Бәрі жақсы болады! – деді министр Саясат Нұрбек.