×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Елдос келеді деп ерте төсеп тастадық – Таразда Сметов тұратын көшеге асфальт түсті

05.08.2024, 13:09
Коллаж Ulysmedia

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың Тараз қаласындағы үйі тұрған көшеге асфальт жайылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бұл негізі жоспарланған жол. Ол күзге дейін бітуі керек еді. Соны тездетіп, чемпион келгенге дейін жолды салды. Екі көше бар. Асфальт төсеп тастадық, – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Дастан Исламбек Ulysmedia.kz тілшісіне.

Осылайша, Байымбаев және Жайымбаев көшелеріне жалпы ұзындығы 1,2 шақырым жолға асфальт жайылған.

Еске сала кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Елдос Сметов финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші Олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізген болатын. Сметов 2016 жылы күміс медаль, 2021 жылы қола жүлде еншілеген.

Серіктес жаңалықтары